“Өмірім —өнерім”

0
61

ТАСҚОПА АУЫЛДЫҚ КЛУБ ҮЙІНДЕ АУДАНДЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ГҮЛСАНАТ СӘМИДУЛЛАҚЫЗЫ ЕРЖАНОВАНЫҢ “ӨМІРІМ-ӨНЕРІМ” АТТЫ ЖЕКЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘН КЕШІ БОЛЫП ӨТТІ. ӘН КЕШІНДЕ АНА ТУРАЛЫ, ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ, КОМПОЗИТОР ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ, ЛАТИФ ХАМИДИДІҢ “БҰЛБҰЛ” ӘНІ ЖӘНЕ АҚЫН ЕРШАТ ҚАЙБОЛДИННІҢ СӨЗІНЕ ЖАЗЫЛҒАН “СҮЙЕМІН” ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛДЫ.

Жеке шығармашылық ән кешінде аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Аманқұлов Батырбек, Бектенов Есмұрат, Әділ Әкімжан, үлгілі «Алтынай» би ансамблі және де айтыстың ақтаңгері республикалық «Күміс қалам» иегері Ершат Қайболдин де өнер көрсетті.
Ән кеші иесіне аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Қалмағанбетов Әділет пен Тасқопа ауылдық округінің әкімі Қожақова Марзия арнайы «Алғыс хат» пен сый-сияпат табыс етті.
Гүлсанат Ержанованың шығармашылық ән кеші алдағы уақытта өзге ауылдық округтарда жалғасын табады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.