ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ІЗГІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

0
60

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕСІҢ» ДЕГЕН ҚАЗАҚ АТАМЫЗ. ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҚСЫ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ АСЫЛЫ – ЖОМАРТТЫҚ, КЕҢПЕЙІЛДІЛІК. ЖОМАРТ БОЛУ – ӨЗІҢДЕ БАРДЫ ЗӘРУ АДАММЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН БӨЛІСУ. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АДАМЗАТ БОЙЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ БІР ҚАСИЕТ. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІЗГІЛІКТІҢ, АДАМНЫҢ АДАМҒА ДЕГЕН ТАЗА НИЕТІН, АДАМГЕРШІЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН КӨРСЕТЕТІН АДАМДАРДЫҢ БІР-БІРІНЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІГІ МЕН КӨМЕГІ. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ ӘР АДАМНЫҢ ҚОЛЫНАН КЕЛЕТІН ІС.

Биылғы көктем алапат су тасқынымен есте қалды. Қазақстанның су басқан 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуінде «Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді»- деген болатын. Осыған орай мемлекет тарапынан барлық шаралар қолға алынып, тасқын зардаптарын жою жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Бұл істен демеушілер де, еріктілер де қалыс қалып жатқан жоқ.
Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Осы қағиданы берік ұстанған, елдегі болып жатқан жағдайларға бейжай қарай алмаған жерлесіміз Ақтөбе жоғары мультипрофиьлік колледжінің директоры Тлегенов Дархан Қалдымұратұлы өз тарапынан үйдің қабырғасын көтеруге, су тасқынынан зардап шеккен Еңбекші ауылының тұрғыны Б. Төлениязоваға демеушілік көрсетіп, 760 мың теңгеге бір вогон кірпіш (ракушняк) сатып алып берді.
«Жаңбырменен жер көгерер, алғыспенен ел көгерер» демекші, дүниеде ел алғысына бөленуден артық сый жоқ! Қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болып, жылы сөз, жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсетіп жүрген жомарт жандар қатары көбейе берсе екен дейміз.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.