ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

0
20

СЕГІЗІНШІ МАМЫР КҮНІ , АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ КЕҢЕСТУЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЖҰМЫС САПАРЫ КЕЗІНДЕ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ ӨТЕУОВ КӘКІМ АҚСАҚАЛДЫҢ 90 ЖАС МЕРЕЙ ТОЙЫНА АРНАЛҒАН ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ.
АТАЛҒАН ШАРАҒА АУДАН ӘКІМІМЕН БІРГЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ Б.ІЗБАСОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ,АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ.ШАРА БАРЫСЫНДА КЕҢЕСТУЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ МАЯСАРОВ АРДАГЕРДІҢ ӨМІРБАЯНЫНА ҚЫСҚАША ТОҚТАЛЫП ӨТТІ.

Өтеуов Кәкім Артықбайұлы 1934 жылы 2мамырда бұрынғы Тасбұлақ ауыл советі,Калинин колхозында дүниеге келген.1951 атындағы колхоздың басқарма төрағасының орынбасары,Кеңестуы совхозының ферма меңгерушісі болып қырық жыл еңбек етіп,еңбек демалысына шыққаннан кейін де шаруашылықтың газ тарту,су жүргігу сияқты жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысқан. Ауыл шаруашылығындағы 50 жылғы үздіксіз еңбегі үшін лайықты марапаттардың иегері,ұзақ жылдардан бері Кеңестуы ауылдық округінде ардагерлер ұйымының төрағасы.
Шара барысында аудан әкімі Саламат Ермұқанұлы ауыл шаруашылық саласында ұзақ жыл еңбек еткен еңбек ардагеріне ауданның әлеуметтік, экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіре отырып, “Темір ауданына сіңірген еңбегі үшін” төс белгісін табыстады.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысы ардагерлер кенесінің төрағасы С.Шаңғұтовтың құттықтау хаты табысталды.
Шара соңында ақсақал ақ батасын беріп, ризашылығын жеткізді
ӨЗ ТІЛШІМІЗ
жылы Темір қаласындағы қазақ орта мектебін аяқтап,1951-1953 жылы Темір совхоз-техникумын бітіріп ,зоотехник мамандығын алып шығады.Туған аулы Тасбұлақта совет,комсомол ұйымы салаларында қызмет атқарған.1960—1964 жылдары