ӘНШУАҚҚА АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ

0
62

Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрлігінің бұйрығымен 2024 жылғы 1 ақпанда «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндері фестивалі аясында республикалық челлендж басталды. Оқушыларымыз республикалық деңгейде өтіп жатқан «Әншуақ» фестиваліне қатысып, өз үлестерін қосуда. TikTok желісі арқылы ауданымыздың дарынды балаларын танытып, дамуына мүмкіндік берді. Республикалық «Әншуақ» фестиваль-конкурсы еліміздің дарынды балаларын, танымал емес әнші, композиторларды насихаттау мақсатында өтіп жатқан жоба. Бұл жоба аймақтардағы дарынды, әр түрлі әлеуметтік жағдайлардағы балалардың өз қабілеттерін, таланттарын көрсетуіне мүмкіндік беруде. Жобаның тағы бір ерекшелігі жаңадан ән өнеріне қалам тербеп келе жатқан жас композиторлардың әндерін кеңінен таралуына халыққа ұсынылуына, насихатталуына бірден-бір түрткі болды. TikTok желісі арқылы оқушылардың әнге деген қызығушылығы мен құлшынысы оянып, қатысуға деген белсенділіктері артты. Елімізде балаларға арналған жобалар көп болып, балаларға арналған ноталық ән жинақтар, жаңа аранжировкадағы әндер болса дейміз және дарынды шәкірттерімізді белгілі әнші композиторлармен сахнада ән салуына тілектеспіз. Осы фестивальге қатысып , өз үлестерін қосып жатқан дарынды, өнерлі балапандарымызға сәттілік тілей отырып, әр бала еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ететін өнердің шын жанашыры болуына тілектеспіз.
Вокал класының мұғалімі: Ешпағанбетова Әсемгүл Меңдібайқызы