ДЕМЕУШІЛІКПЕН ЖЕТКІЗІЛДІ

0
59

Су тасқынынан зардап шеккен Еңбекші ауылының тұрғыны Б.Тулениязоваға Ақтөбе колледжінің директоры жерлесіміз Тлегенов Дархан Калдымұратұлы тұрғын үйін көтеруге көмек қолын созған болатын. Бүгінде Бейнеуден жеткізілген ұлутастың алғашқы легі Еңбекші ауылына жөнелтілді.
Су тасқынына байланысты құрылған қоғамдық штаб демеушілік жасау, су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың мұң мқұтажын тыңдап, құзырлы органдармен байланыс жасау, аудан бойынша су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың барлық мәселесінің түпкілікті шешілуіне дейін қызмет атқаратын қоғамдық штаб өз жұмысын одан әрі жалғастыра бермек. Қазірде аудан бойынша аталған санаттағы тұрғындарға жан жақты мемлекет тарапынан да демеушілік тараптан да материалдық, қаржылық, моральдық, заңгерлік көмектер үздіксіз көрсетілуде.
Бүгінгі шара да соның бір бөлігі.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.