ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
41

АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ АЛТЫҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ Ә.БОРАНҚҰЛОВТЫҢ АЛТЫҚАРАСУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСТЫ.

Есептік кездесуге аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, бөлім, мекеме басшылары барды.
Кездесу барысында округ әкімі Ә.Боранқұлов тұрғындардың өтініші негізінде Алтықарасу ауылына газ құбырларын тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланғандығын және Алтықарасу ауылына су тарту үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Сонымен қатар, Алтықарасу ауылына кіреберістегі көктемгі су тасқынынан кейін бұзылған көпірді қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырылған конкурс қорытындысына сәйкес мердігер анықталып, қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстарының басталғалы жатырғанын атап өтті.
Есептік кездесуге қатысқан аудан әкімі тұрғындардың ұсынысын тыңдай келе, округ әкімі Ә.Боранқұловқа тұрғындар тарапынан түскен мәселелерді жеке бақылауға алуды, сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты түрде бақылап отыруды тапсырды.
Бұдан кейін, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жағдайын қарау үшін Еңбекші ауылына барды.
Атап айтқанда, аудан әкімі көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғын Төлениязов Ертайдың тұрғын үйін қалыпқа келтіру жұмыстарын қарады.
Жылжымайтын мүлікті қалпына келтіру, жиһаз бен тұрмыстық техниканың шығындарын өтеу үшін тұрғынның өтініші және жүргізілген сараптамалық зерттеулер нәтижесі негізінде 9100,4 мың. тг көлемінде қаржы қарастырылған.
Қазіргі таңда, аталған тұрғынның тұрғын үйін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Қалпына келтіру жұмыстарымен танысқан соң, аудан әкімі округ әкімі Ә.Боранқұловқа жөндеу жұмыстарына қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Осы күні, аудан әкімі С. Аманбаев Алтықарасу ауылдық округі әкімі Ә.Боранқұловтың Еңбекші ауылының тұрғындарымен есептік кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында округ әкімі Ә.Боранқұлов тұрғындардың өтініші негізінде Еңбекші ауылына газ құбырларын тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланғанын және Еңбекші ауылына ауыз су тарту үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Кездесуде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Құлмұханов сөз сөйлеп, елдімекенді газдандыру, ауыз сумен қамтуды одан әрі жүргізудің жай-күйінен хабардар етті.
Кездесу соңында аудан әкімі округ әкіміне конкурсты ұтып алған мердігерлер анықталысымен жұмысты күнделікті бақылауға алуды тапсырды.
Есептік кездесуге қатысқан аудан әкімі тұрғындардың ұсынысын тыңдай келе, округ әкімі Ә.Боранқұловқа алдағы жылғы су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуді, көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындардың өтініштерін жүзеге асыруды қатаң бақылауға алуды, сонымен қатар, өзге де мәселелер бойынша ауыл тұрғындарының сұрақтары жауапсыз қалмауын тапсырды.
Аудан әкімі, жұмыс сапары кезінде Еңбекші ауылының тұрғыны “Ауыл аманаты” жобасының қатысушысы Боранқұлова Жұлдыз Сайынқызымен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы Ж.Боранқұловаға сүт өнімдерінің кең ассортименті мен сапалы дайындығын ескере отырып, елдімекеннен облыс орталығына қатынау мүмкіншіліктеріне орай өнімдерін облыс орталығына ұсынып, балғын сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге кеңес берді.
Сонымен қатар, “Табыс” базарында ауданның ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін арнайы орындар қарастырылғанын және делдалдарсыз сауда жасауға мүмкіндік бар екендігін ескертті.
Әңгіме барысында жеке кәсіпкер мал басын көбейту мақсатында қосымша жер телімін бөлуге жәрдемдесуді сұрады.
Аудан әкімі аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жолдығаринге өңірде кезекті мемлекеттік конкурсты өткізу кезінде заңда көзделген құқықтық артықшылықтарды ескеруді тапсырды.
Кездесу соңында аудан әкімі округ әкімі А.Боранқұловқа тұрғындардың «Ауыл аманаты» жобасына қатысуына қолдау көрсетуді тапсырды.
Аудан әкімі жұмыс сапары кезінде Еңбекші ауылына қарасты шаруа қожалықтарын аралау барысында “Ақтоғай” шаруашылық қожалығында болды.
Аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жолдығарин және Алтықарасу ауылдық округі әкімі Ә.Боранқұлов барды.
1993 жылы құрылған “Ақтоғай” шаруа қожалығының иесі — Есетов Нұралы Бисенбайұлы.
Шаруа қожалығында:
— 178 бас ірі қара малы;
— 27 бас жылқы малы;
— 536 бас ұсақ жандық малы бар.
Аудан басшысы шаруашылықтағы өндірістік орынды және үй жануарларының жай-күйін қарады.
Н.Есетовпен әңгімелесу барысында қысқы маусымға шөп жинауды бастауға дайындық мәселесі көтерілді. Шаруашылық басшысы жыл сайын мал қыстату үшін қажетті мөлшерде шөп дайындап, биылдан бастап шөп шабатын техникаларды дайындап жатқанын жеткізді.
Аудан әкімі аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жолдығаринге ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Сондай-ақ, округ әкімі А.Боранқұловқа мал азығын әзірлеу шараларында қажеттілігіне қарай шаруаларға көмек көрсетуді тапсырды.
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке жүктелді.
Осы күні аудан әкімі С. Аманбаев Алтықарасу ауылдық округі әкімі Ә.Боранқұловтың Сартоғай ауылының тұрғындарымен есептік кездесуіне қатысты.
мектепке оқушы тарту бойынша атқарылған шараларды жеткізді.
Есептік кездесуге қатысқан аудан әкімі тұрғындардың ұсынысын тыңдай келе, округ әкімі Ә.Боранқұловқа ауылды дамытуға басымдық бере отырып, тұрғындардың өтініштерін жіті бақылауға алуды, елдімекенде ауылшаруашылығы бағытында кәсіп ашуға қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
Аудан әкімі Сартоғай ауылында ағымдағы жылдың мамыр айында қолданысқа берілген мал қамайтын орынның жұмыс барысымен танысты.
2023 жылдың қараша айында өткен халықпен кездесу барысында ауыл тұрғындары аудан әкіміне мал қамайтын орынға аудандық бюджеттен қаражат бөлуін сұраған болатын.
Аудан әкімі тұрғындардың өтініштерін назарға алып, аудандық бюджеттен қажетті қаржы бөлінді. Алтықарасу ауылдық округ әкімдігі Заңға сәйкес жер телімін бөліп, конкурс өткізген болатын.
Кездесу барысында округ әкімі Ә.Боранқұлов тұрғындардың өтініші негізінде Сартоғай ауылының тұрғындары санының азаюы салдарынан мектеп оқушылары санының аз болуына байланысты, өзге өңірлерден азаматтарды ауылға көшіп келуге шақырып,
Аталған жоба мердігері — ЖК«Ибрашева». Жоба құны – 1 750 мың теңге.
Аудан әкімі округ әкімі Ә.Боранқұловқа тұрғындардың мал қамайтын орынды тиімді пайдалануын ұйымдастыруды тапсырды.
ТЕМІР АҚПАРАТ.