ҚҰМСАЙДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

0
52

25 мамыр күні, аудан әкімі С.Аманбаев облыс әкімінің орынбасары А.Есенбаевпен және облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Е.Мұздыбаевпен бірге су тасқыны салдарынан тұрғын үйлері жарамсыз күйге ұшыраған Құмсай ауылының тұрғындарына жаңадан арналып салынып жатырған тұрғын үйлер құрылысы орнына барды.
Саркөл ауылдық округінің әкімі М.Шүйіншалин тұрғын үйлер құрылысы барысы жөнінде баяндады.
Қазіргі таңда Құмсай ауылында “Taf Company” ЖШС және “МугалжарСтрой” ЖШС жаңа тұрғын үйлер салуда.
Мердігерлермен 22 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. 6 үйдің іргетасы құйылып, қосымша қажетті құрылыс материалдары (қиыршық тастар, іргетасқа арналған блоктар, кірпіштер, т.б.) жеткізілуде.
Облыс әкімінің орынбасары А.Есенбаев мердігерлерге құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі мен ауа райын ескере отырып, уақытылы аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, округ әкімі М.Шүйіншалинге құрылыс жұмыстарын тұрақты бақылау жүктелді.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары А.Есенбаев аудандағы жұмыс сапары кезінде Кеңқияқ ауылында “Жайлы мектеп” бағдарламасы аясында салынып жатырған мектеп құрылысын қарады.
Мердігермен кездесіп, бекітілген мерзімде нысанның қолданысқа берілуіне аса мән бере отырып, құрылыс жұмыстарының қарқынын үдетуді ұсынды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.