САЛЫҚ АРДАГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
ЖАҚЫНДА, АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ АРДАГЕРЛЕРІМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ. ШАРАҒА АУДАН ӘКІМІМЕН БІРГЕ ОБЛЫСТЫҚ САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ АРДАГЕРЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ АРДАГЕРІ Ұ. БУШАНОВА, ТЕМІР АУДАНДЫҚ САЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ М. МҰҢАЙТПАСОВ, Г. КЕНЖЕҒҰЛ, Ж.АЙТМАҒАНБЕТОВ, Х. РАХМЕТОВА, К. НҰРҒАЛИЕВА, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕМІР АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ С.АЙЖАРИКОВ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР, ЖАСТАР ҚАТЫСТЫ.
Шара барысында мемлекеттік кірістер басқармасының Темір аудандық бөлімшесінің басшысы С. Айжариковтың баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар, шара барысында салық қызметінің ардагерімен жас мамандар арасында қызметтің қалыптасуы, қазіргі жағдайда салық органдарының алдына қойылған мақсаттар мен міндеттер, жұмыс істеудің артықшылықтары мен салық қызметін дамыту перспективалары туралы сыр-сұхбат өтті.
Сондай-ақ, аудан басшысы Темір аудандық салық саласының ардагерлерін биылғы жылы салық органдарының құрылғанына 33 жыл, Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 10 жыл толуына орай, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін ризашылығын білдіріп, «Ел алғысы» төсбелгісімен және алғыс хатыпен марапаттап, арнайы сый-сияпатын табыстады.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.