АУЫЛ АМАНАТЫ” ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
35

Жуықта, аудан әкімі С. Аманбаев, ауданда “Ауыл аманаты” жобасының жүзеге асырылу барысы жөнінде жиналыс өткізді.Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары Ж. Қойшыбаев, Р.Құдайбергенов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Е. Жолдығарин қатысты.

“Ауыл аманаты” жобасы ауданда қарқынды жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда ауданда жалпы құны 815,1 млн. тг. болатын 157 жоба қаралған. Оның ішінде, 3 ауылдық округте аталған жоба бойынша белсенділік айқын білінеді: Шұбарқұдық ауылдық округі – 40, Ақсай ауылдық округі – 26, Тасқопа ауылдық округі — 16 жоба. Аудан әкімі осы үш ауылдық округ әкімдерінің халықпен белсенді өзара іс-қимыл жасап, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлгенін көрсететіндігін атап өтті.
Бұл жоба елдімекендердегі жұмыссыздықтың азаюына және ауыл тұрғындарының табысының артуына оң әсерін тигізуде.
Жиналыс соңында аудан әкімі С. Аманбаев, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Е. Жолдығаринге жоба мүмкіншіліктерін түсіндіруді, жоба аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларды насихаттауды тапсырды және берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау — аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке жүктелді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.