«ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР БОЛАР»

0
55

ЖУЫҚТА Н. БАЙҒАНИН АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ, ӨТКЕН СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАРДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТҚАН ЕЛ АЗАМАТТАРЫН МАРАПАТТАУ ҮШІН «ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР БОЛАР» АТТЫ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. ШАРАҒА АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Б. САЛИМАНОВ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ Е. ТӨЛЕУОВ ҚАТЫСТЫ.

Шара барысында аудан әкімі С. Аманбаев, биылғы көктемгі тасқынның тым қарқынды және су мөлшерінің өте көп болғандығын атап өтіп, өңірімізде орын алған төтенше жағдайға қарсы іс-шаралар барысында ерекше белсенділік көрсеткен, атап айтқанда уақытпен, мезгілмен санаспай, қызметін асқан жауапкершілікпен атқарған және ерікті түрде көмекке келіп, бөгет жасауға, тіпті ағып бара жатқан адамдар мен жылқыларды аман алып қалуға т. б. атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдіре келе, «Ел алғысы» төсбелгісімен Ақсай ауылының тұрғыны Н.Оразғалиевті, Шұбарқұдық тұрғындары А. Тауменовты, Қ.Беккуловты, Ж.Утепбергеновты, Еңбекші ауылынан Б.Нұржігітовті, төтенше жағдай бөлімінің қызметкері Нұржан Аспанды, өрт сөндіру бөлімінің подполковнигі Қ. Есенғалиевті, кіші сержанттар Шахим Ержігіт пен Боқатов Жанатты, электр жүйесі қызметкері Р.Қуатовты, Қайыңды ауылдық округінен Н.Мерғалиевті және «Құрмет Грамотасымен» шұбарқұдықтықтар Н.Қадашов, Ерғали Мейрамбек, А. Қальниязов, М. Тулеулин, Алпан Гүлзира, Қ.Ерғалиевтерді, ақсайлық С. Мұңайтпасов пен Тыныштыққали Санатты, қайыңдылық М. Абдешовті, Ақтөбе жоғары мультипрофильдік колледжінің директоры Д. Тілегеновті, кеңестулық А. Жұмашевті марапаттады.
Сондай-ақ жиында ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Салиманов, су тасқыны кезінде қызметін жауапкершілікпен атқарған қызметкерлер мен мекеме ұжымдарын, еріктілер мен белсенді тұрғындарға Темір ауданы әкімі Аманбаев Саламат Ермұханұлының «Алғыс хатын» табыстады.
Шара аясында Мәдениет Үйі өнерпаздары жиналғандарға өздерінің шағын концерттік бағдарламасына ұсынды.
***
Осындай шара Шұбарши ауылдық клуб үйінде де ұйымдастырылды. Мұнда су тасқынына қарсы белсенділік танытқан Саркөл мен Кеңқияқ ауылдық округтерінің тұрғындарын марапатталды. Бұл шараға аудан әкімі С.Аманбаевпен бірге, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Б. Салиманов, Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Қ. Серікжанов, Саркөл ауылдық округінің әкімі М. Шүйіншалин, ардагерлер мен жастар қатысты.
Шара барысында аудан әкімі биылғы көктемде өңірімізде орын алған төтенше жағдайды жоюға атсалысқан азаматтарға, ауызбіршілік танытқан ауылдарға, қолғабыс еткен мекеме ұжымдарына құрмет көрсетіп: «Әрбір тұрғынның өз мүмкіншілігіне қарай көмекке келгендігі — елі мен жеріне деген сүйіспеншілігінің көрінісі» деген баға беріп, ризашылығын білдірді және еріктілер мен белсенді тұрғындарға «Ел алғысы» төсбелгісін, мекеме мен ұжымдарға «Алғыс хат» табыстады.
Шара соңында марапат иелерінің құрметіне өнерпаздар өз өнерлерін тарту етті.
Ә. ДӘУҰЛЫ.