ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ТУРНИР ӨТТІ

0
60

V-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ, 18 МАУСЫМ КҮНІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ПЕН АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН, ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖЕКЕЛЕЙ АУДАНДЫҚ ТУРНИР БОЛЫП ӨТТІ. ШАРАҒА АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ, АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Шарананың ашылу салтанатында аудан құттықтау сөз сөйлеп, елімізде ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінетіндігін, мемлекет ұлттық спортқа үнемі қолдау көрсетіп отыратындығын атап өтті және жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бес кезеңнен тұратын бұл турнирде аудан орталығындағы білім беру мекемелерінің оқушылары мен мемлекеттік қызметшілер өзара бақ сынасты. Қызықты да тартысты өткен сайыс соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
ӨЗ ТІЛІШІМІЗ.