Батыр атаға құрмет

0
34

ӨҢІРІМІЗДЕ ҰРПАҚҚА БЕЙБІТШІЛІК ЗАМАН СЫЙЛАҒАН, БАТЫР АТАЛАРЫМЫЗ КӨП. СОЛАРДЫҢ БІРІ – ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ АРДАГЕРІ МАРҚҰМ АХМЕДЗИЯНОВ АНУАР САФЕЕВИЧ. БАЛАЛАРЫМЫЗ ЖЕРЛЕС, БАТЫР АТАЛАРЫН ТАНЫП БІЛСІН ДЕГЕН МАҚСАТТА, АХМЕДЗИЯНОВ АНУАР САФЕЕВИЧ АТАМЫЗҒА АРНАП, «ЗЕРЕ» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ ТӨРІНЕН ОРЫН БЕРДІК.

Ануар атамыз 1925 жылы 10-шы желтоқсан күні Орал облысында дүниеге келген. 1943 жылы майданға шақыртылады. Майданда үш рет жарақаттанып, Грозный қаласының ауруханасында алты рет ота жасатады. 1945жылы Отанға оралады.
А. Ахмедзиянов 2022жылдың 21-ші шілде айында дүниеден озды. Қазіргі таңда «Зере»бөбекжай-балабақшасында атамыздың 2 шөбересі тәлім-тәрбие алуда.
Бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз. «Ер есімі — ел есінен кетпес». Әрқашан жерімізде, елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!
К. С. ДҮЙСЕБАЕВА,
«Зере» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.