ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

0
24

23 МАУСЫМ — ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ. АУДАН БАСШЫСЫ, КӨЛІКТІ ТАБЫСТАУ БАРЫСЫНДА, ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҰЖЫМЫНА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫН ЖӘНЕ АУДАНДАҒЫ АХУАЛДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТТЕРІ ҮШІН РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРІП, ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ — ОРТАҚ МІНДЕТ ЕКЕНДІГІН АТАП ӨТІП, АЛДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ.

Өз кезегінде аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Б. Бақтығалиев, жергілікті атқарушы билікке көрсетілген сенімі мен қолдауы үшін алғысын білдіріп, бұл көлікті жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға пайдаланатындықтарын мәлімдеді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.