РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

0
59

АУДАНЫМЫЗДА 17 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ АУЫЛДЫҚ СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КУБОГЫНЫҢ ТУРНИРІ ӨТІП ЖАТЫР. ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА УДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ҚР ГРЕК-РИМ, ЕРКІН ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ Д. ЖАБАСОВ ЖӘНЕ СПОРТСҮЙЕР АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Турнирде еліміздің 13 өңірінен келген спортшылар еркін және әйелдер күресі бойынша өзара бақ сынасуда. Шараның ашылу салтанатынада сөз сөйлеген аудан әкімі С. Аманбаев, ауданда спорт саласын өркендету, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорттың дамуына айрықша көңіл бөлу керектігін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.