БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

0
53

28 МАУСЫМ – ЖУРНАЛИСТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ, АУДАН ӘКІМШІЛІГІНІҢ КІШІ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ «ТЕМІР» ГАЗЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ МЕН ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ПАРАҚШАЛАРЫН ЖҮРГІЗІП ОТЫРҒАН МАМАНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ. ҚАБЫЛДАУ БАРЫСЫНДА АУДАН БАСШЫСЫ АҚПАРАТ САЛАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ – ҮЛКЕН МӘРТЕБЕ ӘРІ ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК ЕКЕНДІГІН АТАП ӨТІП, САЛАДА ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН ЖУРНАЛИСТЕР МЕН МАМАНДАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ.

— Сіздердің жұмыстарыңыз, көпшілік жұрт ойлайтындай, оңай емес. Сіздер ресми ақпарат пен жаңалықтарды тұрғындарға жедел түрде жеткізу үшін уақытпен санаспай, кейде күн-түн демей еңбек етесіздер. Қиыншылығы менқызығы мол істердің үддесінен шығып жүрген сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын көңілден құттықтаймын және жұмыстарыңызға шығармашылық табыс пен отбасыларыңызға құт-береке, ырыс, бақыт тілеймін, — деді С.Аманбаев өз сөзінде. Сондай-ақ, аудан басшысы қабылдау барысында аудандық «Темір» газетінің жауапты хатшысы Ә.Дәулетбаевты баспасөз саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет Грамотасымен» және бірқатар мамандарды «Алғыс хатпен» марапаттады.
Өз кезегінде Ә. Дәулетбаев, ауданның БАҚ саласы жыл өткен сайын жаңа мамандармен толығып, ақпарат тарату жұмыстарының жеделдігі мен сапасы артып келе жатқандығын жеткізіп, журналистердің де еңбегінің еленгеніне ризашылығын білдірді.
Осы күні аудандық полиция бөлімінің ғимаратында да осындай шара өтіп, жергілікті БАҚ саласында еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Б. Бақтығалиевтің тарапынан марапатталды.
ӨЗ ТІЛІШІМІЗ.