ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ

0
47

ОСЫҒАН ДЕЙІН ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІНІҢ ТЕРІСКЕЙ АЙМАҒЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВҚА, БАЛАЛАРЫН БАЛАҚШАҒА АПАРУ ҮШІН ҚАШЫҚ ОРНАЛАСҚАН АУМАҚТАРҒА ҚАТЫНАП ЖҮРГЕНДІКТЕРІН ЖЕТКІЗІП, ОСЫ КӨШЕДЕН БАЛАБАҚША САЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІН АЙТЫП, ӨТІНІШ БІЛДІРГЕН БОЛАТЫН. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ЕСКЕРІЛІП, БҮГІНДЕ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР М. ИЛЬЯСОВА, ТЕРІСКЕЙ КӨШЕСІНЕ ЖЕКЕ БАЛАБАҚША ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫП, ІРГЕТАСЫН ҚҰЮҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗУДЕ.

Аудан әкімі С. Аманбаев, таяудағы Шұбарқұдық кентін аралау кезінде, Теріскей көшесіндегі балабақша құрылысын қарады. Бір мезетте 3 топ қабылдай алатын, 75 орындық балабақша ғимараты 1 қабаттан тұрады. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі — ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
Аудан әкімі Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Б.Сауытовқа, жаңа балабақша құрылысының сапалы әрі уақытылы орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.