САЯБАҚ — ҚАЛАНЫҢ АЖАРЫН КІРГІЗДІ
БҰДАН БҰРЫН ТЕМІР ҚАЛАСЫНДАҒЫ САЯБАҚҚА БАС МЕРДІГЕРІ «ТЕХНО.С» ЖШС БОЛЫП БЕЛГІЛЕНІП, 110 МИЛЛИОН 451 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН БОЛАТЫН. АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ОКРУГІ ӘКІМІ Е.ДАЛМАҒАНБЕТОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ, ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ МЕН ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ, АТАЛҒАН САЯБАҚТЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ.
Саябақтың ашылу шарасы барысында аудан әкімі, қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, тұрғындардың бос уақытын тиімді үйлестіру мақсатында, заманауи саябақтың ашылуы —маңызды шара екендігін атап өтті және Е. Далмағанбетовке, нысанның күтіп ұсталуын тұрақты бақылауды тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.