ТАЛАПТАР ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

0
21

СОҢҒЫ УАҚЫТТА КЕҢҚИЯҚ АУЫЛЫ МЕН ТЕМІР ҚАЛАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ТАС ЖОЛДЫҢ БОЙЫНДА ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ, ӘСІРЕСЕ ЖЫЛҚЫЛАР МЕН СИЫРЛАРДЫҢ ЖАЙЫЛЫП ЖҮРУІНІҢ КЕСІРІНЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ЖИІ ОРЫН АЛУДА. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ЖУЫҚТА АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Б.БАҚТЫҒАЛИЕВ ПЕН КЕҢҚИЯҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ А.СИДАГАЛИДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН, ЖОЛДА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ АКЦИЯНЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ.

Жолдағы мүндай профилактикалық жұмыстың мақсаты — жол көлік оқиғаларының алдын алып, жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін жылдамдық режимінің шектен асып кетуіне жол бермеу және жүргізушілерге жол ережесінің бұзылмауы өте маңызды екенін түсіндіру болып табылады.
Тексеру барысында, аудан әкімі С. Аманбаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Б. Бақтығалиевке, жол көлік оқиғаларының алдын алатын осындай шараларды аудан аумағының барлық тас жолдарында жүйелі түрде жүргізіп тұруды ұсынды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.