ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

0
71

ЖУЫҚТА, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ САЛДАРЫН ЖОЮ БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ. ЖИНАЛЫСҚА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВ, Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қ. НҰРАЛЫ ЖӘНЕ БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Жиналыс барысында аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергенов Құмсай ауылында көктемгі су тасқыны салдарынан тұрғын үйлері жарамсыз болған 21 отбасыға жаңадан салынып жатқан тұрғын үй құрылысы және Қопа елді мекенінде тұрғызылып жатқан бөгет құрылысының барысымен таныстырды.
Тұрғын үй құрылыс жұмыстарын «Tuf Company» ЖШС мен «МұғалжарСтрой» ЖШС-ның мердігер компаниялары жүргізуде. Ал сел және су тасқыны қаупінен қорғауға бағытталған қорғаныс бөгеті жобасының бас мердігері – «Lider Invest Group» ЖШС.
С. Аманбаев, Р.Құдайбергеновке құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компаниялармен тығыз байланыса отырып, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуіне ерекше назар аударып, мерзімді негізде мониторинг жүргізуді тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.