ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

0
30

«AMАNАT» ПАРТИЯСЫ ТЕМІР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫНДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ, ЭКОНОМИКА, КӘСІПКЕРЛІК, ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ, ДЕПУТАТТЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕР МЕН ЭТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫ ЖӘНЕ «AMАNАT» ПАРТИЯСЫ ТЕМІР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ЖӘНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Тұрақты комиссия отырысына аудандық мәслихат хатшысы Б. Шаимов, «Amаnаt» партиясының Темір аудандық филиалының атқарушы хатшысы А. Нұрғалиев, аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергенов, мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысты. Отырыс барысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н. Адаевтың «Amаnаt» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының 2023 жылғы орындалуы, 2024 жылдың 5 айының қорытындысы» туралы баяндамасы тыңдалды. Отырысқа қатысушылар, баяндамашыға өз тараптарынан туындаған сұрақтарды қойып, өз ұсыныстарын айтты.
ТЕМІР ГАЗЕТІ