ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ БАСТАЛДЫ

0
64

ПРЕЗИДЕНТІМІЗ Қ. К. ТОҚАЕВ, «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫНДА «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНА ЕРЕКШЕ ТОҚТАЛЫП, ҮКІМЕТКЕ АТАЛМЫШ ЖОБАНЫҢ АУҚЫМЫН КЕҢЕЙТУДІ ТАПСЫРҒАН БОЛАТЫН. СОДАН БЕРІ ҮКІМЕТ БҰЛ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСТЫ ҚАРҚЫНДАТЫП, БАРЛЫҚ ӨҢІРЛЕРДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН 5 ЖҰМЫС КҮНІНЕН ТҰРАТЫН САБАҚТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫП КЕЛЕДІ.

«Қарызсыз қоғам» жобасы өткен жылы біздің ауданымызда да жүргізілген болатын. Аталған жоба биыл да ауданымызда 22 шілдеден бастап, қолға алынып, оқуға ниет білдірушілер Н.Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйінде қабылдана бастады. Биылғы сабақтар да, өткен жылдағыдай, 5 жұмыс күнінен тұрады. Жобаға қатысушылар өз қаржысын тиімді басқаруды және шығындарын оңтайландыруды, қаржылық проблемалардың қалай қалыптасатынын, ағымдағы несиелердің санын қалай азайтуға және алаяқтық әрекеттерді қалай тануға болатындығын үйренеді. Сонымен қатар жаңа іс бастаған кәсіпкерлер, кәсіптің бюджетін қалыптастыру, салық есептілігін ұсыну тәртібі мен қолданыстағы мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алады. Оқудың бесінші күні барлық қатысушыға арнайы сертификат беріледі. Курсқа жазылу үшін 8 776 770 3939, 8 778 476 1309 номеріне хабарласуға болады.
Аталған жобаға белсенді қатысуға шақырамыз!
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.