«ТАРИХ — СЫР ШЕРТЕДІ»

0
52

2024 ЖЫЛҒЫ 18 ШІЛДЕ КҮНІ ТЕМІР АУДАНДЫҚ МУЗЕЙІНДЕ ШҰБАРҚҰДЫҚ БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІНІҢ «ЖАЗҒЫ АЛАҢ» ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ТАРИХ — СЫР ШЕРТЕДІ» АТТЫ ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ.

Шарада оқушыларға музей залдарындағы орналасқан табиғат, археология-этнография, мәдениет, ерлікке құрмет т. б. тақырыптық экспозициялар мен көне жәдігерлердің тарихы туралы деректер беріліп, ел ауызындағы аңыз-әңгімелермен байланысты жәдігерлер балалардың тарихты білуге деген қызығушылығын оятты. Осылайша, балалар жазғы демалысының бір күнін тиімді пайдаланып, музейге саяхат жасады.
Әбдісәли әл-ТАМДЫ.