СУБҰРҚАҚ АШЫЛДЫ
24 шілде күні аудан әкімі С. Аманбаев, аудан ардагерлері және ауыл тұрғындарымен бірге, Шұбарқұдық кентінің орталық алаңына бас мердігері – «Атжақсынова» ЖК-нің жобасы бойынша жасалған субұрқақтың іске қосылу шарасына қатысып, жаңа нысанның тұсаукесер рәсімін жасады.
Шара барысында аудан басшысы тұрғындарды көшенің көркін ашып, әсем көрініс сыйлайтын жаңа субұрқақтың ашылуымен құттықтап, аудан орталығының келбетін тазалықта, күтіп ұстауға, балаларды қоғамдық орындарда өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру мақсатында тәрбиелеуге шақырды.
Шара соңы — аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.