Мәслихат төрағасы комиссия отырысына қатысты

0
35

Аудандық мәслихат төрағасы Б. Шаимов, аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұралының төрағалығымен өткізілген Темір ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына қатысты.


        Комиссия отырысында «Кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қол сұғушылықтың алдын алуға байланысты жүргізілген жұмыстың жағдайы туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы А.Өсербаевтың және «Полиция бөлімінің профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдермен жүргізген жұмысы туралы» аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы, полиция подполковнигі Ғ.Қарасаеваның баяндамалары тыңдалды.
Комиссия отырысының барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды және тиісті шешім қабылданды.

                                                                                                     ӨЗ ТІЛШІМІЗ.