Кітапханаға саяхат

0
41

Жуықта, Кеңқияқ ауылдық модельді кітапханасына, «Ақбота» бөбекжай балабақшасының балалары «Туған өлке» атты тақырыбы бойынша саяхатқа келді.  Саяхаттың мақсаты — балаларға Отан туралы жалпы мәлімет беру, өз халқына, еліне, Отанына деген мақтаныш сезімін ояту, балалардың елі мен жерін сүюге қадірлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.


        Кітапхана меңгерушісі М. Сейтова, келген бүлдіршіндерге кітапханамен  және кітаптардың түрлерімен, атап айтқанда ертегі, сөйлейтін кітаптармен  таныстырды. Кейін теледидардан балаларға арналған мультфилм көрсетілді.
«Ақбота» балабақшасы «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Б. Тұрғанова және «Ромашки» тобының тәрбиешісі Д.Жанболатова  кітапхана қызметкерлеріне алғыс айтты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.