ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бесінші тамыз күні аудан әкімі С.Аманбаев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша арнайы жиналыс өткізді.
Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев және бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде: “ Жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы” аудандық білім бөлімінің басшысы А.Өсербаевтың және 2024-2025 жылдарына жылыту маусымына дайындық туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Құлмұхановтың баяндамалары тыңдалды.
Жиналысты қортындылаған аудан әкімі ,аудандық білім бөлімінің басшысы А.Өсербаевқа ауданның барлық білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындық шараларын пысықтауды, жылу қазандықтарының жай-күйіне тексеру мен профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуді және аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Құлмұхановқа,2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген жоспарлар мен кестелерге сәйкес уақытылы әрі сапалы болуын бақылауда ұстауды, жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Берілген тапсырмалардың орындалуын салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаев, Р.Құдайбергеновке жүктелді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ