МАЛ АЗЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

0
83

Өткен сенбіде аудан әкімі С.Аманбаев аудан орталығында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен бастау алып отырған мал азығы жәрмеңкесіне қатысты.
Жəрмеңке аудан əкімімен бекітілген кестеге сəйкес, бір  ай бойы əр сенбі сайын өткізіліп, барлық ауылдық округтердің шаруа қожалықтары аудан орталығында мал азығын ұсынатын болады.
  Аудан орталығында төртінші жыл қатарынан өткізіліп келген бұл жәрмеңке аудан тұрғындарынын тарапынан қолдау табуда.
Аудан басшысы алғашқы болып бастаған Кеңестуы ауылдық округі шаруаларының жəрмеңкесіне қатысып, келген кент тұрғындарын қысқы маусымға мал азығын уақытылы дайындауға шақырды.

Бұл жолы кеңестулық 13 шаруа қожалығы 80 тоннадан астам мал азығын алып келіп,тұрғындарға әр ораманы (тюкті) 500 теңгеден,әр буылған (рулонь) шөпті 5000 теңгеден ұсынды.Бұл баға аудан орталығында үш жылдан бері тұрақты сақталып келеді.
Сонымен қатар, аудан әкімі шөп шабу кезінде жұмысшылардың қауіпсіздігі мен ауылшаруашылық техникаларының жұмыс істеуіне ерекше тоқталды.
Аудан әкімі аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жолдығаринге:
— межелеген жоспарға сәйкес мал азығын дайындау бойынша жұмыстарды тиісті деңгейде атқаруды;
— әр түрлі шөп түрлерін( орамдар мен бумалар) жеткізудің қажетті мөлшеріне қатысты халықтың тілектерін ескеруді;
— баға белгілеуге ерекше назар аударуды тапсырды.
Сондай-ақ, аудан басшысы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытовқа тамыз-қыркүйек айларында жәрмеңке өткізу туралы ақпаратпен аудан орталығының барлық тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы қамтуды тапсырды.
Сонымен қатар, аудан әкімі бекітілген кестеге сәйкес жәрмеңкені ұйымдастырған Кеңестуы ауылдық округі әкімі Ж.Маясаровқа және шаруа қожалықтарының өкілдеріне ризашылығын білдірді.
Алдағы уақытта апта сайын сенбі күндері  осындай жәрмеңке өтіп тұратындығы ескертілді

ӨЗ ТІЛШІМІЗ