ЗАДЕПОДА ҚОРҒАНЫС БӨГЕТІ САЛЫНУДА

0
40
Тамыздың 26 күні аудан әкімі С.Аманбаев аудан орталығы Шұбарқұдық кенті Задепо аумағындағы қорғаныс бөгетін салу бойынша жұмыс тобының кезекті көшпелі отырысын өткізді.
Аталған көшпелі отырыс мердігер компания «Stro Proekt» ЖШС-мен жұмысшыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында қойылған арнайы жұмыс вагонында өткізілді.Кездесуге аудан әкімімен бірге аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Қалменов, аудан әкімінің бас инспекторы Ә.Жұмагерей, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысының м.а. Е.Айтмағанбетов, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытов, «Мир Проект» ЖШС және «Stro Proekt» ЖШС мердігер компания өкілі Ж.Кемеров қатысты.
Отырыс барысында аудан әкімінің бас инспекторы Ә.Жұмагерей мердігерлер тарапынан қорғаныс бөгетін тұрғызу бағытында жүргізгізілген жұмыстар жөнінде баяндады.
Сонымен қатар, мердігер компания өкілі Ж.Кемеров атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Қазіргі уақытта аудан орталығында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында N1 учаске — Шұбарқұдық кентіне кіреберісте және N2 учаске — Задепо аумағында қорғаныс бөгеттерінің құрылысы жүргізілуде.
Сел және су тасқыны қаупінен қорғауға бағытталған қорғаныс бөгеті жобасының бас мердігерлері:
— №1 учаскесі бойынша — “Story Master Elite Group” ЖШС;
— №2 учаскесі бойынша – «Stro Proekt» ЖШС.
Аталған қорғаныс бөгеттері “2025 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын” іске асыру шеңберінде салынуда.

Қазіргі таңда қажетті техникалар арқылы құнарлы топырақ қабаты алынуда.
Кездесу соңында аудан әкімі мердігер компания өкілдеріне, карьерден топырақ жеткізуді жүзеге асыратын жүк көліктерінің санын көбейтуді, қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, түнгі уақытта (екі ауысымды жұмыс) жұмысты ұйымдастыруды,жүргізіліп жатырған жұмысты қатаң бақылауға алуды , құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі мен ауа райын ескере отырып, уақытылы аяқтауды ұсынды.

Сонымен қатар, аудан басшысы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытовқа мердігерлерге жекелеген ұйымдастыру мәселелерін (құрылысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б.) шешуге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.
Сондай-ақ, салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке алдағы көктемгі кезеңге дайындыққа санаулы уақыттың қалғандығын ескере отырып, мерзімді негізде мониторинг жүргізу жүктелді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ