ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АУДАНДА

0
49

Тамыздың 21 күні аудан әкімі С.Аманбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Баққожаевпен Темір ауданындағы жұмыс сапары кезінде кездесті.
Мәжіліс депутаты А.Баққожаев аудандағы жұмыс сапары кезінде алдымен аудан орталығы Шұбарқұдық кентінде “Жайлы мектеп” бағдарламасы аясында салынып жатырған мектеп құрылысын қарады.
Биылғы жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында аудан бойынша екі білім беру ошағының құрылысы бастау алған болатын. Соның бірі – аудан орталығы Шұбарқұдық кенті Гагарин көшесіндегі 600 орындық жаңа мектеп құрылысы. Тапсырыс беруші — «Самұрық Қазына» ӘҚ. Құрылысты жүргізуші — «Антариум» ЖШС.
Қазіргі таңда бірінші қабаттың қабырғасын қалау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, мәжіліс депутаты А.Баққожаев архив, мұражай ғимараттарының құрылыс жұмыстарының барысын қарады.
Сондай-ақ, аудандағы сапары соңында мәжіліс депутаты А.Баққожаев мердігерлерге құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне қолданысқа берілуді ұйымдастыруды тапсырды.

ТЕМІР ГАЗЕТІ