ЖАҚСЫМАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КҮНІ

0
63

Биылғы жазғы маусымда  ауданда жаңа тың жоба “Ауыл кеші көңілді” көше мерекелерін  өткізу дәстүрге айналуда.
Аудан орталығы Шұбарқұдық кентінің аймақтары 9 әкімшілік округке бекітіліп,  әр апта сайын әр аймақта көше мерекелері аясында қоғамдық-мәдени шаралар өткізілуде.
22 тамыз күні Жақсымай ауылдық округі Қызылжар мөлтек ауданында көше мерекесін өткізді.
Шараға қатысқан аудан әкімі С.Аманбаев құттықтау сөз сөйлеп, әр көшенің тұрғындары ауызбіршілікте, өзара ұйымдасып өмір сүру керектігін атап өтіп, кент келбетін тазалықта ұстауға шақырды.
Сонымен қатар, шара барысында :«Жақсымай ауылдық округінің өнімдері» жәрмеңкесі «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылардың өнімдері ұсынылды.«Қолөнер — мол өнер» Ұлттық құндылықтарды дәріптеу бойынша шеберлік сағаты өткізілді.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» балаларға, жастарға, ересектерге арналған спорттық ойындар (қол күрес, гір көтеру, арқан тартыс, сурет салу) көпшіліктің ризашылығына бөленді.
Қызылжар мөлтек ауданы тұрғындарын ауыл күніне орай марапаттау рәсімі  өтті.
«Ауыл кеші көңілді» атты концерттік бағдарлама  көрсетілді.
Шара соңында аймақ тұрғындары көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ