Үлкенге құрмет, кішіге ізет

0
33

1 қазан — Халықаралық қарттар күніне байланысты Темір аудандық жастар ресурстық орталығы және “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығы біріге отырып “Ақылдары кең қариялар” тақырыбында жастар мен қариялар арасында шахмат ойынынан жарыс өткізді. Шарамызда жас буын мен қариялар қатысып, жарыс нәтижесінде № 1 Шұбарқұдық гимназиясының мұғалімі Ерболат Есет Ерболатұлы бас жүлдені иелесе, II орынды Шұбарқұдық гимназиясының мұғалімі Нұржан Бекжан Нұржанұлы жеңіп алды. Ал жарысымыздың жүлделі III орыны Ж.Кереев атындағы ЖББОМ нің мұғалімі Байназар Қазбек Байназарұлы жеңіске жетті.