АРНАЙЫ КӨЛІК АЛЫНДЫ
Аудан әкімі С.Аманбаев төтенше жағдайлар бөліміне арнайы бөлінген техникаларды қарады.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Қалменов, аудан әкімінің бас инспекторы Ә.Жұмагерей жаңа техниканың ерекшеліктерімен аудан әкімін таныстырды.
Ақтөбе облысы әкімі мен Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мақсатында өрт сөндіру құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілген Mitsubishi — L200 көлігі сатып алынды.
Сонымен қатар, Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінен Темір ауданында орналасқан өрт сөндіру бекеттеріне 4 автокөлік берілді. Барлық автокөліктер аудан аумағындағы төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мақсатында жұмылдырылатын болады.
Аудан басшысы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Қалменовке тиісті үлгіде жабдықталған техникаларды төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жою кезінде мақсатты пайдалануды тапсырды.
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке міндеттелді.
Темір газеті.