ӘЛІМЖЕТТІКСІЗ ӘСЕМ ӘЛЕМ

0
30

Аудан әкімі С.Аманбаев Шұбарқұдық ауылдық округінің Аналар кеңесінің отырысына қатысты.

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында елімізде “Зорлық зомбылықсыз 16 күн” акциясы өтуіне орай отырыс “Әлімжеттіксіз әсем әлем” деп аталып, зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды. Темір ауданы полиция бөлімінің штаб инспекторы, полиция подполковнигі Ғ.Карасаева аудан бойынша зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатырған шараларға тоқталып өтті.
Аудандық білім бөлімінің арнайы психолог маманы И.Жұманова тренинг өткізіп, зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін арнайы кеңестер берді.
Отырыс соңында аудан әкімі полиция бөлімінің штаб инспекторы Ғ.Қарасаеваға әйел құқықтарын қорғау мақсатында қабылданған жаңа заңнамалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Шараға қатысқан қала, ауылдық округтерден келген аналар кеңестерінің және аудан әкімі жанындағы әйелдер ісі, отбасылық-гендерлік және демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелеріне аудан орталығында жаңадан ашылған нысандар таныстырылды. Осыған орай отбасын қолдау мақсатында  елімізде өтіп жатырған “Зорлық зомбылықсыз 16 күн” акциясы аясында арнайы орталық ашылды.
Аудан әкімі С.Аманбаев аудандық полиция бөлімінің басшысы Б.Бақтығалиевпен бірге  орталықтың ашылу рәсіміне қатысты. Бұған дейін аудан әкімі жанындағы әйелдер ісі, отбасы және гендерлік комиссия отырыстарында аталған орталықтың қажеттілігі жөнінде бірнеше мәрте мәселелер көтерілген болатын.

Орталыққа қиын отбасы жағдайына тап болған әйел азаматшалар комиссия шешімімен уақытша орналастырылады деп жоспарлануда.
Аудан басшысы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында шараларды бұдан әрі жандандыру жөнінде тиісті тапсырмалар берді.