ЖАҢА ФОТО СТУДИО АШЫЛДЫ

0
44
ЖАҢА ФОТО СТУДИО АШЫЛДЫ

Аудан әкімі С.Аманбаев аудан орталығында “ArtFoto” фотостудиясының ашылу рәсіміне қатысты. Ашылу рәсіміне Шұбарқұдық ауылдық округі аналар кеңесі отырысына қатысушылар да қатысты.
Нысанның лентасын аудан әкімі мен Шұбарқұдық ауылдық округі Аналар кеңесінің жаңадан сайланған төрайымы В.Көшербаева қиды.

Заманауи фотостудияның иесі небәрі 20 жасар жәс кәсіпкер Таңжарбай Нұрдина Мұхамбетқызы шара қонақтарына естелік фотосессиялар түсуге арналған өзінің студиясымен  таныстырды. Аудан басшысы мен ақ жаулықты аналар жас кәсіпкердің жаңа бастамасына сәттілік тілеп, ізгі тілектерін білдірді.

Темір ақпарат.