ТЕМІР АУДАНЫНДА ЕР АЗАМАТТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов аудан әкімі С.Аманбаев облыстық мәслихат депутаты Б.Ізбасовпен бірге Кеңқияқ ауылында өткен “АЗАМАТ. ОТБАСЫ. ҚОҒАМ” ер азаматтары форумына қатысты. Форум спикерлері болып ҚР Ауған соғысы ардагерлері ассоциациянің төрағасы М.Қойлыбаев, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Е.Есенгелдиев, ҚР Еркін күрестен Спорт шебері А.Бакеев қатысты. Шара барасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен тақырыптық көрме қойылып, ер азаматтардың отбасындағы, қоғамдағы рөлі, міндеттері мен жауапкершілігі мәселелері кеңінен талқыланды.
Шара соңында Кеңқияқ өңіріндегі көпбалалы, үлгілі әкелер мен еңбек адамдарын, форум спикерлерін марапатталды. Шара қатысушыларына баталар жинағы таратылып, рухты терме орындалды.
Одан әрі жоғарыда аты аталған құрметті ел азаматтарымен бірге, Кеңқияқ ауылында бой көтерген ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне қойылған монументтің ашылу салтанатына қатысты. Аталған шараға ҚР ауған соғысы ардагерлер ассоциациясының төрағасы М.Қойлыбаев, жергілікті және ауған соғысы ардагерлері қатысты.
Қазіргі таңда ауданымызда 16 ауған соғысы ардагерлері бар. Олардың басым көпшілігі Кеңқияқ, Саркөл ауылдық округтерінің тұрғындары. Шағын алаңға қойылған монумент жауынгерлік рухты дәріптеу, қаза тапқан ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында қойылды.
Аудандық мәслихат төрағасы Отанды қорғау әр азаматтың міндеті екендігі туралы сөз қозғап, ауған соғысының ардагерлерінің ерлігі мәңгілік есте қалатындығын атап өтті.