“МАНСАП” ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0
26

Аудан әкімі С.Аманбаев “Мансап” орталығының жаңа жұмыс орнымен танысты.
Қазіргі таңда «Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Темір ауданының мансап орталығы» филиалы келуші тұрғындарымыздың және қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында жаңа ғимаратқа көшті.
Ағымдағы жылда Темір ауданының “Мансап” орталығы 1025 жұмыс іздеушіні тұрақты жұмыс орындарымен қамтыды. Сондай-ақ, жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 30 адам грант иегері атанды. Кәсіптік оқытуда 60 адам білім алып, жұмысқа орналастырылды.Сонымен қатар, 241 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. 18 Ұлттық жоба жүзеге асырылып, олардың аясында 371 адам жұмыспен қамтылды.
Аудан басшысы маңызды сала мамандарының жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасалуы керектігін атап өтіп, орталық басшысы Ә.Көшербаевқа жұмыссыздықтың өзекті мәселе екендегін қатаң түрде ескере отырып, жұмыссыздықты жою бағытында жаңа бастамаларды көтеруді, көрсеткіштерді жақсартуды тапсырды.
Сонымен қатар, әкім жұмыс берушілердің кадрлық қызметтерімен байланысты, әсіресе,Кенкияқ өңіріндегі мұнай компанияларымен жұмысты жандандыруды тапсырды. Еңбек заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты белгіленген мерзімде алуды талап етуді қадағалау қажеттігі ескертілді. Квота бойынша жұмысқа орналастыру талаптарын қатаң сақтау, аудан кәсіпорындары мен ұйымдарымен, сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен шаруа қожалықтарын қамтитын жәрмеңкелер мен дөңгелек үстелдерді жүйелі түрде өткізіп тұру тапсырылды.
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаевқа міндеттелді.

Темір газеті.