Олимпия – спорттың отаны
«Тайны ХХ века» деп аталатын апталықтың 2024 жылдың қазан айындағы №44 санында Борис Юрьевтің «Олимпия-родина спорта» деп аталатын мақаласы жарық көріпті.Бүгінде денешынықтыру мен спорттың, олимпия ойындарының адамзат өміріндегі рөлінің қаншалықты өскенін ескере отырып, осы мақаланың қысқартылған аудармасын оқырмандарымызға ұсынғанды жөн көрдік.
Әрбір төрт жыл сайын кезекті Олимпия (ең алғашқы Олимпия ойындары өткен ежелгі Грекиядағы елді мекен) ойындарын күтіп алып, шығарып сала жүріп бүкіл планета халқын бейбіт бәсекелестікке шақырған осы Ұлы мәдени құндылықтардың бастауын ризашылықпен еске аламыз.Бұл жерде тек қана философия мен театр емес, спортты да ойлап тапқан ежелгі гректерге ризашылығымызды білдіреміз.Шынына келгенде Египет фараондары садақпен нысана көздеумен айналысса, Тир аралында біздің заманымызға дейінгі ХVғасырда тасқа салынған жұдырықтасудың суреттері табылған. Алайда тек гректер ғана осыдан үш мың жыл бұрын қарапайым денешынықтыру ойындарын ережелер мен нормаларға бағынған сайыстар жүйесіне түсірді.
Б.з.д.VIII ғасырда керемет платан ағаштарының арасында дайындық алаңдар кешені, спорттың әрбір түрінен жарыстар өткізетін арнайы құрылыстар пайда болды.Бұнда ұйымдастырушылар мен атлеттердің 30 гектар болатын қасиетті алаңында ежелгі дүниенің жеті кереметінің бірі болып есептелетін биіктігі 12 метр болатын Зевс құдайдың храмы тұрғызылды.Қасында Гера құдайдың храмы тұрды. Олимпия ұйымдастырушыларының жарыстардың төрешілері ретінде өздерінің арнаулы үйлері болды.Гимназион деп аталатын алаңда жеңіл атлеттер,ал Палестра деп аталатын арена ауыр атлеттерге берілетін. Ат спортына арналған үлкен стадион мен ипподром да болды.Сырттан келетін спорт жанкүйерлеріне арналған үйлер мен құрметті қонақтарды Леонидайоне деп аталатын жайларда (қонақүй типтес) қабылдады. Пританейонда ас үй мен жеңімпаздарға арналған салтанат залы болды. Бұл кешенде Нимфеум деп аталатын бұлақ суымен толығып тұратын орталық бассейн, моншаның жұмыс жасауын қамтамасыз ететін су жүйесі жұмыс жасады.
Италия мен Жерорта теңізі аймағынан спорт ойындарына оның қатысушылары мен жанкүйерлері жиналатын.Олар үшін шатырлар тігіліп, саудагерлер сауда ұйымдастырып, ежелгі Олимпия деревнялары пайда болды.
Сөйтіп, б.з.д. 778 жылдан 385 жылдарда Олимпия ежелгі Грекияның спорт орталығы болды. Олимпияның тәжірибесі мен традициялары уақыт сынынан сәтті өтіп біздің заманда да пайдаға асты.Эллиндердің спортқа құмар болғандары соншалық, Платон жұдырықтасудың жанкүйері болса, Аристотель жеңіл атлетикаға соншалықты бас иді. Стадиондар жеңімпаздарды құрметтеп дүр сілкінетін. Спортшылармен қатар стадиондарда музыканттар өнер көрсететін, ақындар өлеңдерін оқитын. Спортшылармен қатар олар да зәйтүн веноктармен марапатталатын.
Ежелгі Грекияда спорттың жаңа түрлері пайда болды.Тарихи жазбаларда көрсетілгендей, б.з.д. 776 жылы өткен ең бірінші сайыста жаяу жарыс 192,27 метрге өткізілсе, келесі ойындарда 3800 метрге дейін ұзартылыпты. Сол кездерде аренаға жұдырықтасатындар, күрестің кез-келген әдісін қолданатын еркін күрес шеберлері шығыпты. Б.з.д. 708 жылғы ойындарда бес сайыстан жарыстар өткізіле бастапты. Аристотель спорттың бұл түрін жеңіл атлетиканың ең үздік түрі деп атапты. Диск пен найза лақтыру аса танымал болып,күрес салмақ дәрежесіне қарай бөлінбегендіктен бойы ұзын, денелі, салмақты жігіттердің мүмкіндігі жоғары болыпты. Күрес кезінде музыка ойнап,қарсыласын үш рет жыққан жеңді деп есептелетін.
Әуелкі кезде Зевстің құрметіне жеңіске негізінен тұрақты дайындалуға мүмкіндігі бар ақшалы, бай адамдар, әсіресе Спарта қаласының тұрғындары қол жеткізіпті. 7 мен 20 жастың арасындағы жастар «спартандық» деп аталатын әскери-спорттық тәрбиеге тартылыпты. Спартада жүгіру, секіру, күрес, диск, найза лақтыру сияқты спорт түрлеріне қыз балаларды да тартыпты. Спорттық сайыстар қатысушыларды табандылыққа, ұстамдылыққа, диета сақтауға тәрбиелепті.
Спорттың дамуы грек ұлтының физикалық жағынан да, рухани жағынан да күшейуіне әсер етті. Б.з.д. V ғасырда парсы басқыншылары елге қауіп төндіріп, Афиныға 40 шақырымдай жақындап келгенде гректер оларға тойтарыс беріп қана қоймай тас-талқанын шығарып жеңді.Сол кезде грек жауынгері Афиныдан 40 шақырым жердегі Марафон деген елді мекеннен Афиныға жаяу жүгіріп, парсыларды жеңгендері туралы хабарды жеткізді. Сол кезден бастап жеңіл атлетикада 42 шақырым 195 метр ең ұзақ дистанция болып табылады және марафон жарысы деп аталады.
Парсыларды жеңу мен одан түскен мол олжа Олимпияның одар әрі дамуына әсер етті. Жаңа стадион мен бассейн салынды. Соғыста жеңіске жетуге әсер еткеніне ризашылық ретінде Зевс құдайдың ескерткіші алтындалып, асыл тастармен безендірілді. Бес күндік мейрам белгіленіп, елдің ішкі қақтығыстарын тоқтату мақсатында «олимпиялық бейбітшілік» жарияланды.
Мереке түрлі-түсті киім киген спортшылардың шеруімен, олардың таза сайысатындары туралы ант беруімен басталды. Әуелі жарыс жолына балалар шығып, олардан кейін 200, 400 және 3800 метрге жүгіру одан кейін,еркін күрес басталды. Ол кездегі жағдаят бойынша палуандарға бір-бірінің көздері мен ауыз, мұрындарына саусақ тығудан басқаның бәрін жасауға болатын. Ал жұдырықтасудың жағдаяты одан да қатаң болатын. Төбелес уақытпен шектелмейтін, қатысушылар қолдарын қайыспен орап алып, біреуі жеңіске жеткенше созылатын.Төрешілер алқасы сайыстарды мұқият бақылап тұрғанмен көптеген жекпе-жектер өліммен аяқталатын.
Әдетте мейрам құдайларға құрбандық шалумен аяқталатын. Құлдар сол жерде 100 өгізді бауыздап, еті сол жерде асылып көпшілікке таратылатын.
Олимпия жеңімпаздарына ерекше құқықтар берілетін, оның ішінде олар салықтардан босатылып,театрларға тегін кіретін.Ежелгі ойындарға тек басы бос азаматтар ғана жіберілетін, құлдар ойындарға қатыстырылмайтын.
Олимпияда өткен спорт ойындарының тарихын зерттеушілер сайыстардың көпшілік жағдайда кәсіби сипатта болғанын айтады. Платонның кезінде жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар беріліп, спортшылардың демеушілері болыпты.
Сонымен қатар жарыстардың ережелері жиі бұзылып, төрешілерді сатып алу, спортсмендердің алдын-ала келісіп қою фактілері жиі орын алады екен. Атақты ежелгі Грек дәрігері Галеннің жазуынша спортсмендердің көп бөлігінің дене мүшелері зақымданып, мүгедек болып қалады екен.
Адам баласының таңқаларлық физикалық үйлесімді даму мүмкіндігін паш еткен қасиетті Олимпия жиырма ғасыр бойы өмір сүрді. Содан соң болған күшті жер сілкінісі Олимпия ойындарының тоқтауына әкелді де, тек он бес ғасырдан кейін, XIX ғасырдың аяғында Францияның қоғам қайраткері, ғалым және спорт жанкүйері Барон Пьер де Кубертеннің (1863-1937) арқасында қайта жаңғырды.
Н.Өтепов,
Орысшадан аударған.