Жыл қорытындысы. Жастар саясаты
Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі.
Биылғы жылы «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі бастау алып, оған 1 млрд. теңге бағытталды. Аталған қаражат аясында 70-тен астам жас отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлінді.
Айта кету керек, Ақтөбе облысы «Жасыл Ел» жобасы аясында жастарды жұмыспен қамтуда республика бойынша көш бастап тұр. 2024жылы 2 100 жас еңбекке тартылды. Келер жылыкемінде 3 500 жас жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Бұған қоса, «Таза Қазақстан» акциясына облыстың 418 мың тұрғыны қатысып, 106 мың аула, 1500әлеуметтік нысан аумағы тазаланып, елді мекендерде 363 мың түп ағаш отырғызылды.
Сонымен бірге, «ZHAS PROJECT» жобасы бойынша 28 жастың әлеуметтік жобасын іске асыруға шағын гранттар берілді.
Жастар бастамаларын қолдау үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасына өтінімдер қабылданды, 200-ге жуық жасқа қолдау көрсетіледі деген жоспар бар.