Ақтөбе облысында биыл 228 шақырым жол жөнделеді
Қазіргі таңда Ақтөбе облысындағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық күйдегі көрсеткіші 78%-ке жеткен, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Биыл жалпы ұзындығы 288 шақырымды құрайтын 101 жобаны жүзеге асыруға 44,7 млрд теңге бөлінген. Олардың ішінде 21 жергілікті жолдар мен 80 қалааралық және ауылішілік жолдарға қатысты жобалар бар. Ерекше назар аудан мен ауылдарды байланыстыратын жолдарды жөндеуге бөлініп отыр.
Сонымен қатар, «Ауыл ел – бесігі» жобасы аясында жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге аудандардағы 26 ауылішілік жолды салу және жөндеу жобасы жүзеге асырылады.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде облыс жолдарының жақсы және қанағаттанарлық күйде болу көрсеткіші 82%-ға жетеді деп күтілуде.