Қазақстанның 2024 жылы бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық етуі – елдің сыртқы саясаттағы белсенділігі мен ықпалының айқын көрінісі.

0
31

Қазақстанның 2024 жылы бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық етуі – елдің сыртқы саясаттағы белсенділігі мен ықпалының айқын көрінісі. Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы сияқты құрылымдарда төрағалық ету – елдің көпвекторлы саясатын және өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа қосқан үлесін көрсетеді.

Сонымен қатар, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуі мен Халықаралық Аралды құтқару қорына жетекшілік ету – Қазақстанның өңірлік тұрақтылық пен экологиялық мәселелерді шешуге деген ұстанымының дәлелі.

Бұл төрағалықтар елдің халықаралық аренадағы орнын нығайтып, оның сыртқы саясаттағы салмағын арттырады. Әсіресе, көпжақты дипломатияны дамыту, қауіпсіздік пен экономикалық интеграцияны тереңдету бағытындағы бастамалар Қазақстанның халықаралық процестерге белсенді қатысушы ретіндегі рөлін көрсетеді.

Темір аудандық мәслихат депутаты Самарханов Түгел Қуанышұлы