Елімізде соңғы алты жыл ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,8 есеге өсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев IV Ұлттық құрылтайда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін алдағы бес жылда екі есе көбейтіп, осы саладағы еңбек өнімділігін үш есе арттыруды міндеттеген болатын. Аталмыш тапсырмаларды орындау мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі шаралар кешенін іске асыруда.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға кейінгі 6 жылда 2,5 триллион теңге бөлінді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,8 есеге дейін артқан. Ал азық-түлік өндірісінің көлемі 2,1 есе ұлғайды Былтыр дән егіп терлеген диқандар рекордтық өнім алды. Саланы дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар. Соның арқасында экономиканың осы бағыты жақсы көрсеткіштерге ие болып отыр.
Ақтөбе облысында да саланы дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Соңғы 6 жылда бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 31,4% — ға өсті. Еңбек өнімділігі 29,4% – ға артты. Агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жол картасы әзірленді, жоспарға сәйкес 2025-2027 жылдары жалпы көлемі 63,1 млрд. теңге болатын 50 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
В Казахстане за последние шесть лет валовая продукция сельского хозяйства выросла в 1,8 раза
Глава государства Касым-Жомарт Токаев на IV Национальном курултае поручил удвоить валовую продукцию сельского хозяйства в ближайшие пять лет и утроить производительность труда в этой сфере. Во исполнение данных поручений Министерством сельского хозяйства РК реализуется комплекс мер.
На субсидирование агропромышленного комплекса Казахстана за последние 6 лет было выделено 2,5 триллиона тенге. В результате валовая продукция сельского хозяйства увеличилась в 1,8 раза. А объем производства продуктов питания увеличился в 2,1 раза. Есть большая поддержка со стороны государства в развитии отрасли. Благодаря этому данное направление экономики имеет хорошие показатели.
Особое внимание уделяется развитию отрасли и в Актюбинской области. За последние 6 лет реализован ряд крупных инвестиционных проектов, валовая продукция сельского хозяйства выросла на 31,4%. Производительность труда увеличилась на 29,4%. Разработана Дорожная карта по реализации инвестиционных проектов в агропромышленном комплексе, согласно плану на 2025-2027 годы планируется реализация 50 проектов на общую сумму 63,1 млрд. тенге.