«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылды дамытуға 1 трлн теңге бөлінуі – ауылдық инфрақұрылымның жақсаруына үлкен серпін береді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылды дамытуға 1 трлн теңге бөлінуі – ауылдық инфрақұрылымның жақсаруына үлкен серпін береді. Бұл қаржы жаңа жолдар салуға, ауызсу және газбен жабдықтауды жақсартуға, мектептер мен ауруханаларды жаңғыртуға жұмсалады. Қала мен ауыл арасындағы тұрмыс деңгейіндегі айырмашылық азайған сайын, ауылдық жерлер тартымды әрі қолайлы мекенге айналады.
Жақсы инфрақұрылым ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға да оң әсерін тигізеді. Логистика мен тасымалдау мүмкіндіктерінің артуы ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді сатуға, өндірісті кеңейтуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік туып, ауыл тұрғындарының еңбек жағдайлары жақсарады.
Аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Алдашева Индира