Ақтөбеде жаңа театр салынады

0
15

Мәдениет ошағы облыс орталығының сәулетіне сән қосып, мәдениеті мен руханиятына дем бергелі тұр, деп хабарлайды «24kz».

Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының ғимараты өткен ғасырдың 40-шы жылдары салынған. Соңғы рет 5 жыл бұрын күрделі жөндеуден өтті. Қазір мұнда қазақ және орыс труппалары бар. Ортақ кесте жасақталып, қос ұжым бір сахнада кезекпен өнер көрсетеді.

«Біздер аптасына үш күн сахнада боламыз. Қалған үш күнді орыс труппасына берген кезде біздер тек репетициямен ғана айналысамыз. Ал көрерменмен жүздесетіндей, спектакль ойнайтындай мүмкіндік болмайды. Өйткені сахна бос емес», — дейді облыстық драма театры қазақ труппасының көркемдік жетекшісі Бағдат Тілеуғалиев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеден хабардар. Облыс әкіміне жаңа театр салуды тапсырды. Мамандар дереу іске кірісіп, қос сахнасы бар, заманауи ғимараттың сызбасын дайындаған. 700 орындық театр Алтын Орда шағын ауданында бой көтермек. 700 орындық театр Алтын Орда шағын ауданында бой көтермек. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда жобаның 70 пайызға жуығы жасақталып тұр. Алдағы сәуір-мамыр айларында мемлекеттік сараптамаға кіріп одан кейін жазда құрылыс жұмыстары басталатын болады.

Қазіргі кезде облыс орталығында 4 театр бар.

 

Новый драматический театр построят в Актобе

В Актобе построят современный областной драматический театр на 700 мест передает «24kz».

Работы начнут уже в этом году. Сейчас специалисты завершают разработку проектно-сметной документации, после чего приступят к строительству. Здание действующего областного драматического театра построили 81 год назад, в 2020 его капитально отремонтировали. Сейчас в нём сцену делят две труппы: казахская и русская. Никаких сложностей с этим нет, расписание репетиций и постановок составляют заранее, говорит художественный руководитель русской труппы Артём Москаленко. А вот зрительских мест в зале недостаточно.

«Бывает такое, что не хватает мест, в зале и на балконах, бывает, прямо аншлаги собираются в зале, не можем никак разместить людей, поэтому приходится делать по 3-4, по 5 премьер», — отмечает Артём Москаленко.

Необходимость в строительстве нового театра отметил Глава государства во время визита в регион. Возводить его будут в микрорайоне «Алтын Орда». Новый театр рассчитан на 700 мест. В нём будут два зала, поворотный круг на сцене, просторные гримёрные и костюмерные.

По данным управления строительства, архитектуры и градостроительства Актюбинской области, на данный момент изыскательная проектно-сметная документация готова на 70%. В мае будет получена государственная экспертиза. После будет начато строительство. Реализовать проект планируют в течение двух лет.

Сейчас в областном центре работают четыре театра.