«Ауыл Аманаты» жобасы аясында өңірде 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды

Ақтөбе облысында 2023-2024 жылдары «Ауыл Аманаты» бағдарламасына 15,0 млрд теңге бөлініп, толығымен игерілді. 2025 жылы бағдарламаға республикалық бюджеттен 4,0 млрд теңге қарастырылып отыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қайтарым қаражаты есебінен (револьверлік несиелеу) 1,2 млрд теңге бөлініп, жалпы 16,3 млрд теңгеге 2 863 жоба қаржыландырылды. Бұл 2995 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берді. Жобаның негізгі бағыттары: мал шаруашылығы – 5,4 млрд теңге (872 жоба); өсімдік шаруашылығы – 1,3 млрд теңге (252 жоба); құс шаруашылығы – 2,4 млрд теңге (598 жоба) және шағын бизнес – 6,3 млрд теңге (1141 жоба).
«Ауыл Аманаты» жобасының нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін бірқатар көрсеткіштерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, құс етімен қамтамасыз ету 5,6%-ға, көкөніспен қамтамасыз ету 5,4%-ға, картоппен қамтамасыз ету 4%-ға артты. Сонымен қатар, облыс халқының орташа табысы 11%-ға жоғарылады. Жоба аясында 1 621 жаңа кәсіп ашылды. Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарды қолдау мақсатында 41 атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы жобамен қамтылды. Сонымен қатар, жоба аясында тауарлық несиелеу тетігі енгізілді. Бұл тетік кепілге қоятын мүлкі жоқ, несиелік міндеттемелері көп, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған. Қазіргі таңда өңірде 209 шаруашылықтың көмегімен 339 отбасыға 4 804 бас мал берілді. Оның ішінде 1 120 бас сиыр, 720 төл, 3 484 бас қой, 3 484 төл, 194 бас жылқы, 92 төл және 6 бас түйе бар.
Атап өтейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында «тауарлық несие» беру мәселесін қарастыру қажеттігін айтқан болатын. Бұл бастама ауыл тұрғындарының мал шаруашылығымен айналысып, өз кәсібін дамытуына үлкен мүмкіндік береді. «Ауыл Аманаты» жобасы алдағы жылдары да өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қоса бермек.
Почти 3 тысячи рабочих мест создано в рамках проекта «Ауыл Аманаты» в Актюбинской области
В Актюбинской области в 2023-2024 годах на реализацию программы «Ауыл Аманаты» было выделено 15 млрд тенге. В 2025 году предусмотрено 4 млрд тенге. Кроме того, за счет возвратных средств предпринимателей (револьверное кредитование) выделено 1,2 млрд тенге. В целом с начала реализации проекта профинансировано 2 863 проекта на общую сумму 16,3 млрд тенге. Это позволило создать 2 995 новых рабочих мест. Основные направления проекта: животноводство, растениеводство, птицеводство и малый бизнес.
В результате реализации проекта «Ауыл Аманаты» также достигнут ряд других показателей, положительно влияющих на социально-экономическое развитие региона. В частности, увеличилось обеспечение внутреннего рынка мясом птицы на 5,6%, овощами на 5,4%, картофелем на 4%. При этом средний доход населения области вырос на 11%. В рамках проекта было открыто 1 621 новое предприятие.
Кроме того, в рамках проекта внедрен механизм товарного кредитования. Он направлен на поддержку семей, не имеющих залогового имущества, имеющих большие кредитные обязательства, малообеспеченных и многодетных семей. В результате при помощи 209 хозяйств 339 семьям выдано 4 804 голов скота – коров, овец, лошадей и верблюдов. Эта инициатива дает сельчанам большую возможность заниматься животноводством и развивать свое дело.
Реализация «Ауыл Аманаты» будет активно продолжена и в ближайшие годы, что несомненно внесет значительный вклад в развитие экономики региона.