2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 16,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды

2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 16,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды, ал 2029 жылға қарай бұл көрсеткіш 350 мыңға жетеді деп күтілуде. Бұл ауылдағы жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға үлкен мүмкіндік береді. Әсіресе, жастар үшін бұл бастама ауылдан кетпей, өз туған жерінде еңбек етіп, өмір сүруге жағдай жасайды.
Ауылда жаңа жұмыс орындарының пайда болуы – тек экономикалық ғана емес, әлеуметтік тұрақтылықтың да кепілі. Халықтың табысы артқан сайын олардың өмір сүру деңгейі жақсарады, нәтижесінде әлеуметтік нысандар, мектептер мен ауруханалар дамиды. Осылайша, ауыл тұрғындарының әл-ауқаты көтеріліп, елді мекендердегі көші-қон деңгейі азаяды.
Аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Молданиязов Қ