«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға зор мүмкіндік береді.

0
19

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға зор мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындарына берілетін 15 мың шағын несие ауыл шаруашылығын өркендетуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың табысын арттыруға ықпал етеді. Бұл қаржылай қолдау жеке кәсіппен айналысуға ынталы азаматтарға жаңа серпін беріп, ауылдың экономикалық әлеуетін арттырады.

Бағдарламаның нәтижесінде ауыл тұрғындары өз кәсібін дамытып қана қоймай, отандық өнім өндірісін күшейте алады. Бұл ішкі нарықты сапалы әрі қолжетімді өнімдермен қамтамасыз етіп, импорттық тәуелділікті азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологияларды енгізуге, еңбек өнімділігін арттыруға және ел экономикасының тұрақты дамуына септігін тигізеді.

Аудандық ауылшаруашылығы және кәсіркерлік бөлімінің бас маманы Нұрабеков А