Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі (Ақтөбе облысы)

0
25

Жиі қойылатын сұрақ

Үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) мемлекеттік гранттарды қалай алуға болады?

Толық жауап

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҮЕҰ мемлекеттік гранттарды алу үшін конкурсқа қатысуы қажет. Конкурсқа қатысу үшін ҮЕҰ белгіленген мерзімде өтінім беріп, қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000036_

Жиі қойылатын сұрақ

Мұқтаж адамдарға көмектесетін қоғамдық ұйым ашқым келеді. Бірақ өз қаражатым жетпейді. Қоғамдық ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырысқа қалай қатысуға болады?

Толық жауап

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жергілікті атқарушы органдар және Ақтөбе қаласы, аудан әкімдіктері қаржыландырады. Құзырлы мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алулар порталында ҮЕҰ-ға арналған әлеуметтік жобаларды орындау бойынша сатып алу жөнінде конкурс жариялайды. Конкурсқа әділет органында тіркелген қоғамдық ұйым қатысуға құқылы. Сонымен қатар, қоғамдық ұйым міндетті түрде ҮЕҰ-дың республикалық дерекқор тізімінде болуы қажет.

Жиі қойылатын сұрақ

Жеке кәсіпорындарда, ұйымдарда, пәтерлерде және үйлерде мемлекеттік жалаушаларды орнатуға бола ма? Мүмкін болса, ережелер бар ма?

Толық жауап

ҚР «Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Заңның 4-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін пайдалану (белгілеу, орналастыру) қағидаларының 4-тармағында:- Мемлекеттік ту басқа ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің қалауы бойынша көтерілуі және орнатылуы мүмкін;- Мемлекеттік Тудың бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін.Осылайша, заңнамада мемлекеттік туды тұрғын үйлерде және мемлекеттік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың үй-жайларында пайдалануға тыйым салынбайды.:- Мемлекеттік Ту оның мөлшеріне қарамастан ұлттық стандартқа сай болуы тиіс;- Мемлекеттік Тудың бейнесін қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың туларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды;- қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың тулары Мемлекеттік тумен бірдей бола алмайды

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000258_

Жиі қойылатын сұрақ

Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты қандай?

Толық жауап

Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты — қазақстандық патриотизм, Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету.

Жиі қойылатын сұрақ

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін пайдалануда қолданыстағы заңнама талаптарын бұзылған жағдайда, қандай жаза қолданылады?

Толық жауап

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 418-бабы 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандар туралы заңнамасын бұза отырып пайдалану (орнату, орналастыру) – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235

Жиі қойылатын сұрақ

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қалай қатысуға болады және қандай құжаттар тапсыру қажет?

Толық жауап

Қала және аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдеріне жолығып, келесі құжаттарды тапсырасыз.

1)     ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері.

Жиі қойылатын сұрақ

Қазақстан аумағындағы діни білім орындары мен жоғарғы оқу орындары қанша және қандай?

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ:

-Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – Алматы қ — @nmu_kz

МЕДРЕСЕЛЕР:

1) Ақтөбе медресе колледжі — Ақтөбе облысы,Алға ауданы- @aktobe_medrese_kolledzhi
2) «ҺибатуллаТарази» медресесі – Тараз қаласы- @asyldin.kz
3) ӘбуХанифа медресе колледжі — Алматы қаласы- @abuhanifa_medrese
4) Сарыағаш медресе колледжі – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы- @saryagash_medrese
5) Орал медресе колледжі — БатысҚазақстан облысы, Орал қаласы- @oral.medrese
6) Үшқоңыр медресе колледжі — Алматы облысы, Жамбыл ауданы- @ushqonir_mk
7) Әбу Бәкір Сыддықмедресе колледжі — Павлодар қаласы- @medrese_pvl
8) Шымкент медресе колледжі – Шымкент қаласы- @shymkent_medrese
9) Астана медресе колледжі – Астана қаласы- @astana_medrese

Діни сұрақтар туындаған кезде қайда хабарласа аламыз?

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығына өзіңіз келіп немесе сенім телефоны арқылы білікті теолог, психолог мамандардан тегін консультация ала аласыз. Сонымен қатар Іnstagram әлеуметтік желісі арқылы сауалыңызды қойып, жауап алуыңызға болады.

Сенім телефоны:8(7132) 741-707

Cенім телефоны: 8(776) 074 17 07(whatsapp)

@din_aktobe

@ansar_aqparat

Жиі қойылатын сұрақ

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулағаннан кейін қандай шаралар қолданасыздар?

Қазақстан Республикасының Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы 2021 жылғы 30

желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ 25 бабына сәйкес, Қаңғыбас жануарлардың санын реттеу мемлекет,

жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын дара кәсіпкерлер және

мемлекеттік емес заңды тұлғалар жануарларды стерилизациялау, жайластыру, халыққа білім беру іс-

шараларын және түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қаңғыбас жануарлардың санын азайту үшін

қабылдайтын шаралар кешенін білдіреді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды қандай жағдайларда жансыздандырады?

Қазақстан Республикасының Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ 15 бап 1 тармағына сәйкес, егер жануарлардың физикалық қиналуын өзгеше тәсілмен тоқтату мүмкін болмаса, жануарлардың физикалық қиналуын тоқтату үшін;

2) жануарлардың жаңа туған төлінде ауытқулар мен кемістіктердің анық білінген белгілері болып, ол тіршілік етуге қабілетсіз болған кезде;

3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жабайы жануарлардың санын реттеу мен аң аулау, балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу кезінде;

4) жануар (жануарлар) адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және (немесе) жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда;

5) адамның және жануарлардың саулығына қауіп төндіретін жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жою кезінде жол беріледі.