Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі (Ақтөбе облысы
Жиі қойылатын сұрақ
Ауыл шаруашылығы жануарларын қандай уақытта бірдейлендіруді жүргізу қажет?
Толық жауап
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2015 ж.№7-1/68) қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлары 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі: ірі қара мен ұсақ малдардың төлдері (бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар) – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін, құлындар – төрт айлық жасынан бастап таңбалау және туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін чиптеу жұмыстары жүргізіледі.
Жиі қойылатын сұрақ
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзімде орман пайдалану қалай жүзеге асырылады?
Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 31 бабының 1 тармағы және 1-1, 1-2 тармақтарына сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімде орман пайдалану жұмыстары жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға рұқсаттама құжаттарын алу үшін не істеу керек?
Толық жауап
Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 36 — бабының 1 тармағына сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыруға рұқсаттама құжаттары: ағаш кесу билетi мен орман билетi негiзiнде ғана жол берiледi.
Жиі қойылатын сұрақ
Ашық және жабық түрлеріндегі қоғамдық тыңдаулар қандай жағдайда жүзеге асырылады?
Толық жауап
Қоғамдық тыңдаулар – бұл азаматтардың экология мен тұрақты даму мәселелері бойынша мемлекеттік шешімдерге қатысу мүмкіндігі. Олар ашық жиналыстар немесе онлайн жария талқылаулар түрінде өтеді.
Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен бекітілген қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар келесі жағдайларда өтеді.
Жоспарланған іс-әрекет бірнеше өңірге әсер етсе: Әр облыс, қала, аудан немесе ауылда жеке тыңдау өтеді.
Егер жоспарланған іс-әрекет елді мекендерге тікелей әсер етпесе, тыңдаулар сол ауданға ең жақын елді мекенде өткізіледі.
Жоспарланған іс-әрекеттің бастамашысы қоғамдық тыңдаулар туралы хабарландыруды:
-Газетте, телеарнада немесе радиода жариялап, барлық тиісті өңірлерге таратуы керек.
-Қоғамдық орындарға (мысалы, халық көп жиналатын жерлерге) іліп қоюы қажет.
-Хабарландыруда жоба атауы, тыңдау уақыты мен орны, сондай-ақ ақпараттық жүйеге сілтеме көрсетілуі тиіс.
Қосымша рұқсат етілген басқа да тәсілдермен хабар таратуы мүмкін.
Қоғамдық тыңдауларды жергілікті әкімдік немесе әкім аппаратының төрағалығымен өткізіледі және сол аумақта ұйымдастырылады.
Жиналысты төраға ашып, ережелерді түсіндіреді. Хатшы қатысушылардың дауысымен сайланады.Қатысушылар өз ұсыныстары мен ескертулерін регламентке сай айтады.Барлық пікірлер хаттамаға жазылады. Тақырыпқа қатысы жоқ пікірлер бөлек белгіленеді.Тыңдаулар аяқталған соң, хатшы хаттаманы дайындайды.Екі жұмыс күні ішінде хаттамаға төраға мен хатшы қол қояды.
Жария талқылау түріндегі қоғамдық тыңдаулар келесі жағдайларда өтеді.
Бастамашы тыңдаулардан кемінде 5 жұмыс күні бұрын қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялайды.
Хабарландыру газетте, телеарнада, радиода және халық көп жүретін жерлерде ілінеді.
Онда бастамашының аты, жоба атауы, тыңдаудың уақыты, орны және ақпараттық жүйеге сілтеме болуы керек.
Ескертпелер мен ұсыныстар тыңдаудың соңғы күні 18:00-ге дейін қабылданады.
Тақырыпқа қатысы жоқ пікірлер арнайы белгімен бөлек тіркеледі.
Экология органының ұйымы барлық ұсыныстарды бір күн ішінде ақпараттық жүйеге енгізеді.
Тыңдау кезінде бастамашы түскен ұсыныстарға жауап береді.
Тыңдаудан кейін 2 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган өкілі хаттаманы рәсімдеп, электронды қолтаңбамен
Жиі қойылатын сұрақ
Ақпараттық субсидиялау жүйесі арқылы өтінім беру кезінде есептік нөмірін қалай аламыз?
Толық жауап
Субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы№ 7-1/37 бұйрығы.Атап айтсақ есепке алу нөмірінің болуы (ауыл шаруашылығы кооперативін қоспағанда) 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетінқызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш жолдайды. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, өндіріс объектісіне бұрын берілген есепке алу нөмірі туралы, өндіріс объектісіне ветеринариялық-санитариялық қорытындының бар-жоғы туралы, меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің»шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады