Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді

0
139

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді. Онда ауыл шаруашылығын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнеркәсіп пен инфрақұрылымды дамыту бағытында нақты міндеттер қойылды. Бұл шаралар өңірлердің әлеуетін арттыруға, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және жастардың туған жерінде еңбек етуіне мүмкіндік жасайды.

Жолдауда жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру мәселесі ерекше атап өтілді. Еңбек адамына лайықты жағдай жасау – қоғамдағы әлеуметтік әділдіктің кепілі. Жоғары білікті жұмысшыларды даярлау және олардың еңбегін әділ бағалау арқылы ел экономикасы тұрақты дамуға бет алады.

Бұл бастамалардың барлығы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп, тұрақты өсімге жол ашады. Ел азаматтарының бірлескен еңбегі арқылы қойылған мақсаттардың орындалатынына сенім мол.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Салиманов