Пікір
Жолдау аясында білім беру, денсаулық сақтау және экология салаларына айрықша көңіл бөлінді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы, оқу орындарын заманауи құралдармен жабдықтау және ұстаздардың мәртебесін арттыру – адами капиталды дамытудың маңызды қадамдары. Бұл шаралар сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамалар қолдауға лайық. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жалғасуы және ағаш отырғызу жұмыстарын жүйелі жүргізу – еліміздің экологиялық ахуалын жақсартып, жасыл аймақтардың көлемін арттырады.
Жолдауда көтерілген бастамалар қоғамның барлық саласын қамтып, елдің орнықты дамуына негіз қалайды. Бұл – Қазақстанды жаңа сапалы деңгейге көтеретін маңызды бағдар.
Аудандық мәслихат депутаты Жонысов Сұлтанбек Нұрланұлы


